Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде жоғары атмостфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысыңда және орталығында Мурманск ауданынан келген солтүстік-батыс циклонының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерінде желдін күшейюі, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, солтүстіктің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Павлодар, Қарағанда, Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20, екпіні      23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.        

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы