Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерінде түнде және таңеретең тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңеретең кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.