Бейсенбіде Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Ал Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Тараз, Теміртау қалаларында метеорологиялық жағдай жайлы болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы