Бейсенбі, 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 желтоқсанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік жартысында, шығысында және қиыр оңтүстігінде қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың қалған аумағына антициклон ықпал етеді, сондықтан күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, боран соғады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде түнде қатты аяз болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы