Бейсенбі, 16 сәуірге арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 сәуірде республика аумағында жауын жауады, жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
16 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланыстыреспубликаның батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, қалған аумақтарда күн райы ашық болады деп күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауылмен желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.