Бейсен Құранбектің ғасыр жасаған әжесі өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден озды. Қаралы хабарды Бейсен Құранбектің досы Серік Әбікенұлы фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, «Апа-ау, ақынның баласы келді!» – десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр… Ертең сағат 10.00-де Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!, - деп жазды Серік Әбікенұлы.

Айта кетейік, марқұм Бейсен Құранбек ата-әжесінің баласы болып, өз әкесін «аға», анасын «тәте» деп өткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы