Бейсеннің анасы баласына өмір бойы ұлым деп айта алмай кетті - Дана Нұржігіт
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрынғы тележурналист, қазір Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт өмірден озған Бейсен Құранбектің анасы жайлы жазба қалдырды.
Бейсен достың анасы бақилық болыпты, ағайын! Жаңа естіп жатырмын. Жүрекке жасалған кезекті отаны көтере алмай... Ана-жүрек шыдамай, ұлының қырқына жетпей "ботам-ау" деп баласының артынан кете барды... Алла алдыңыздан жарылқасын, апа! Бейсенмен қоштасқан күні сізді алғашқы және соңғы рет көргенім екен... Бақұл болыңыз, алыпты туған асыл АНА!, - деп жазды Дана Нұржігіт.
Ол бұрынғы әріптесін ақтық сапарға шығару кезінде анасын да соңғы рет көрген.
Бейсеннің қонақасында дастархан басында ардагер журналист Тілеуқабыл Мыңжасар ағамыз, "Бейсен әскерге кеткелі жатқанда сборный пунктқа ата-анасы ентігіп жеткен екен дейді. Сөйтсе, ата-әжесінің қолында өскен ұл жолдас балалармен құшақтасып қоштасып, ата-анасына қайырылмай, автобусқа отырып, кетіп те қалыпты" деп күліп айтып отырғанда Зияш апамыз әңгімемізді сырттан тыңдап күлімдеп "иә, солай болған" деп бас изеп тұрғаны әлі көз алдымда. Кібісенің кесірі деген осы ма екен, сірә, - деп жазды парақшасында сенатор.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Соңғы 5 айда салық түсімі азайған
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы