Бейрут портының жұмысы біртіндеп жандана бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Ливан астанасындағы порт саудагерлер үшін кемелерді түсіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады министр.
Ливанның Бейрут қаласындағы портта болған жарылыс оқиғасынан кейін жергілікті базарларға тауар жеткізу жұмыстары ішінара қайта басталды. Бұл туралы Al Jazeera хабарлады.Ливанның экономика министрінің айтуынша, қазіргі уақытта порт саудагерлер үшін кемелерді түсіру жұмыстарын жүргізуде.
Бейрут портында 16 кранның 12-сі жұмыс істеп тұр. Ливан диірмендеріндегі ұн қоры 110 000 тоннадан басқа қосымша 32 000 тоннаны құрайды, олар екі апта ішінде жеткізіледі, - деді Рауль Нехме және ол бұл қордың төрт айға жететінін айтты.
Еске сала кетейік, 4 тамызда Бейрут портында қуатты жарылыс болған Нәтижесінде екі жүзден астам адам қайтыс болды, мыңдаған адам зардап шекті.
Бұған дейін хабарланғандай, Бейруттағы жарылыстың шығыны 2015 жылы Қытайдың Тяньцзиньдегі жарылыстың залалымен сәйкес және шамамен 3 миллиард долларды құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы