Бейонсе миллиардер атанды
Әнші Бейонсе Forbes журналының долларлық миллиардерлер тізіміне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Басылым мәліметінше, өнер иесі 1 миллиард доллардан астам байлығы бар бесінші музыкант.
Бейонсе жаңа мәртебеге 2024 жылы шыққан Cowboy Carter атты табысты альбомының арқасында ие болды. Бұл жоба оған жаңа коммерциялық мүмкіндіктер ашты.
Жалпы Forbes рейтингіне шоу-бизнес өкілдерінің 22 адамы кірген. Олардың бесеуі - музыканттар. Бейонседен бөлек, бұл тізімде оның жұбайы Jay-Z, сондай-ақ Брюс Спрингстин, Рианна және Тейлор Свифт бар.
Бүгінде Бейонсе соңғы жиырма жылдағы ең танымал және ықпалды орындаушылардың бірі болып саналады.
Ол осы уақытқа дейін "Грэмми" музыкалық сыйлығын 32 рет жеңіп алған. Сонымен қатар 200 миллионнан астам жазбасын сатып, өнерпаздар арасында рекордтық көрсеткішке жеткен.
Еске салайық, бұған дейін Jay-Z әлемдегі ең бай музыкант атанған еді.