Бейнеуде балалар бірдей диагнозбен ауруханаға түсті
Оқиға кеше, 2 сәуір кешкі мезгілде сағат 19:05 - 23:00 аралығында болған. Бейнеу аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 9-12 жас аралығындағы 11 бала жедел-жәрдеммен келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бейнеу ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар 2,3 және 5-сынып оқушылары. Барлығы дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.
Дәрігерлер қарап, балаларды үйлеріне қайтарды. Ауруханаға жатқызылғандар жоқ. Қазіргі уақытта оқушылардың денсаулығы бірқалыпты, амбулаторлық бақылауда, – деп жазылған хабарламада.
Ал Бейнеу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары осы оқиғадан кейін, жедел тергеп-тексеру жүргізіп, азық-түліктерден сынамалар алған. Оқушылардың неден ауырғанын анықтау үшін, санитариялық профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы