Тоқаевтың Омбы қаласына жасаған жұмыс сапарына бейнешолу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барған болатын.
Омбыда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті.Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары мен өңірлік деңгейдегі ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің шекара маңы аумағының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Президенттерге дайын инвестициялық жобалардың пулы ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласында жасаған жұмыс сапары бойынша бейнешолуды назарларыңызға ұсынамыз, - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда бадминтоннан халықаралық турнир басталды
Өзгелердің жаңалығы