Бейнекамера, күзет. Мектептерді тексергенде қандай бұзушылықтар анықталғаны айтылды

Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан білім беру беру нысандарына жүргізілген мониторинг кезінде қандай бұзушылықтар анықталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл бірінші тоқсанда білім беру объектілерінің кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етудің жай-күйін зерделеу бойынша мониторинг жүргізілді. Республика бойынша 162 мониторингтік топ жұмыс істеді, - деп айтты вице-министр.

Мониторингтік топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, білім саласында сапаны қамтамассыз ету, полиция, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Мониторинг кезінде 10 мыңнан аса білім беру нысаны тексерілді. Дәлірек айтқанда, 2 654 балабақша, 6 935 мектеп және 472 колледж. Мониторингтік топтар қолданыстағы талаптар мен нұсқаулықтардың елеулі бұзушылықтарын анықтады, - деп айтты Еділ Оспан.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілі қандай бұзушылық анықталғанына тоқталды.

Мысалы, бейнебақылау камераларының техникалық сәйкессіздігі, оқушылары көп және ірі қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарында лицензияланған күзеттің болмауы. Сонымен қатар жекелеген аудандарда лиценцияланған күзет агенттіктерінің болмауы мәселесі де бар, - деді ол.

Сондай-ақ күзет агенттіктерінің тиісті даярлығы жоқ адамдарды білім беру ұйымдарын күзетуге тартуы да анықталған. Онымен қоса, дабыл түймелері мен бейнекамераларды ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосуға мүмкіндік бермейтін сапасыз интернет мәселесі де бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы