Бейнекамера көмегімен есірткі тәркіленді – Атырау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда полиция қызметкерлері бейнекамера көмегімен сатуға дайындалған синтетикалық есірткінің 650 дозасын тәркіледі, деп хабарлайды azh.kz.

Жедел басқару орталығының инспекторлары ұялы телефонымен айналасын түсіріп жүрген, күдікті көрінген жас жігітке бірден назар аударды. Инспектор текке сезіктенбеген екен: есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстаған жігіт бетбелгілер (закладки) арқылы сату үшін арнайы келген.
Жеке басын, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде күшті әсер ететін пирролидиналерофенон препараты (альфа-ПВП) табылып, тәркіленді. Жалпы салмағы 208 грамм, ол жалпы сомасы 7 миллион теңгедей болатын 650 доза дайындалады, - деп атап өтті Атырау облысы полиция департаменті бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Жігіт көршілес Ақтөбе облысының тұрғыны болып шықты, оның Атырауға синтетикалық есірткіні бетбелгілер (закладки) арқылы сату үшін арнайы келгені белгілі болды. Одан есірткіні дайындайтын және өлшейтін түрлі құрылғылар тәркіленді.

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір ол тергеу изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы