Бейнекадрлар: Сілеусін мен қар барысы фототұзаққа түсті

Алматы облысында сілеусін мен қар барысы фототұзааққа түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі Қызыл кітапқа енген сілеусін мен қар барысы түсірілген бейнероликті жариялады. 

Фототұзақ объективіне іліккен сирек жануарлар – ғылыми мониторинг нәтижесі.

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында арнайы орнатылған фототұзаққа қар барысы түсті. Қар барысы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және жойылып бара жатқан түрлердің қатарына жатады. Оның табиғи ортада кездесуі экожүйенің тұрақтылығын және жүргізіліп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін дәлелдейді, - деп жазылған хабарламада. 

Атап өту керек, бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасуда.

2025 жылдың 11 маусымында «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) ілінді. Сілеусін – жыртқыш мысық тұқымдастарына жатады. Оның тіршілігі әдетте фототұзақтар арқылы қадағаланады. Осындай кадрлар Қазақстанның табиғи биоалуантүрлілігін сақтау үшін өте маңызды. Осы сияқты деректер жабайы жануарларды қорғауға және олардың санын арттыруға бағытталған ғылыми жұмыстарға үлкен үлес қосады, - делінген "Көлсай көлдері" жазбасында.

Еске салайық, бұған дейін сақина тағылған қыран балапандарына GPS орнатылатынын жазған болатынбыз.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы