Бейбітшілік сыйлығын Трампқа беру мүмкін емес – Нобель комитеті
Венесуэланың Ұлттық ассамблеясының бұрынғы депутаты, оппозиция өкілі Мария Корина Мачадоға берілген Нобель бейбітшілік сыйлығын АҚШ президенті Дональд Трампқа беру мүмкін емес. Бұл Нобель комитетінің ережелеріне қайшы келеді. Бұл туралы Норвегия Нобель комитетінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нобель сыйлығы жарияланғаннан кейін оны қайтарып алуға, бөлуге немесе басқа адамға беруге болмайды. Қабылданған шешім түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды, - делінген комитеттің мәлімдемесінде.
Бұл түсіндірме Мария Корина Мачадоның Нобель бейбітшілік сыйлығын Дональд Трампқа беруге дайын екені жөніндегі мәлімдемесіне жауап ретінде жарияланды.
Бұған дейін, Дональд Трамп тоқтатылған әрбір халықаралық қақтығыс үшін Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін айтып, бұл марапатты алуға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Оның пікірінше, әлем тарихында мұндай сыйлыққа ең көп еңбегі сіңген тұлғалардың бірі – өзі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қарлы боран: бірнеше өңірде қозғалыс шектелді
Өзгелердің жаңалығы