Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты
Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші алдымен 18 жастағы мексикалық Лука Лемайтрені 7:6 (11:9), 6:4 есебімен ұтты.
Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында бүгін америкалық Киган Смитті бір сағатқа жетпейтін уақытта оңай жеңді – 6:3, 6:1. Осы бәсекеде ол 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Осылайша, Бейбіт Жұқаев негізгі турнирге жолдама алды.
Грекиялық Стефанос Циципас бірінші ракетка болып тіркелген Лос-Кабос жарысы 5 тамызда мәресіне жетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сүйген қызын қарата алмаған жігіт өзін өртеп жіберді
Өзгелердің жаңалығы