Бейбіт жиындарға келген БАҚ өкілінде редакциялық тапсырма болуы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының директоры Нұржан Мұхамеджанова мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы еліміздің өркениетті бағытта дамуының бір көрінісі, нақты бір қадамы. Бұл біздің журналистердің, БАҚ өкілдерінің, қоғамның және биліктің арасындағы байланыстың өркениетті түрде демократиялық жолда дамуына септігін тигізеді деген үміттемін. Көптен күткен құжат болатын. Сондықтан, менің ойымша, БАҚ жұмысына жаңаша, тың көзқарас алып келеді деп ойлаймын. Жалпы, ережеде бірқатар мәселе қарастырылған. Мәселен, жергілікті атқарушы билік БАҚ өкілдерінің жұмыс істеуіне барынша жағдай жасауы керек. Бұл - өте орынды және ол жағдай тек сол митингке қатысқан ортада ғана емес, митингтен тыс жерде де жүзеге асуы керек. Осыған байланысты мен бұл қағидаттың болуын дұрыс деп есептеймін, - деді ол.
Нұржан Мұхаметжанова эфир барысында редакциялық тапсырмалары болуы керек екенін айтты.
Егер мүмкін болса, ережеге мынадай бөлік ұсынғым келеді: журналист бейбіт жиындарға келген кезде, оның кеудешеден және басқа да айырым белгілерінен бөлек, редакциялық тапсырмасы да болса. Өйткені, түрлі позиция бар. Тіпті, бір командада болған күннің өзінде түрлі пікір болады, - деді ол.
Телеарна директоры, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар өкілінің бейбіт жиналыстарға қатысатын БАҚ жұмысына жағдай жасауды қамтамасыз ететін ережені қалдырған дұрыс екенін жеткізді.
Айта кетейік, бүгін "Бас редакторлар клубы" ҚБ бастамасымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның БАҚ басшыларымен, түрлі мемлекеттік және аймақтық БАҚ бас редакторларымен және азаматтық қоғам өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті. Кездесуде бейбіт жиналыстарға қатысқан журналистің қызметтік қағидалары, баспасөз қызметкерлерінің формасы мен айырым белгілері талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қоқысты дұрыс тастамайтын тұрғындарға айыппұл салынады
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы