Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметіне қатысты бұйрық бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 14 тамызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы" № 279 бұйрықты (бұдан әрі – Қағидалар) бекітті.
Қағидалар "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 13-4) тармақшасына сәйкес ЮНЕСКО-ның Бейбіт жиналыстарда журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып әзірленді, - делінген министрліктің хабарламасында.
Қағидалар БАҚ-тың жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды, атап айтқанда мынадай негізгі ережелер көзделген:
1) журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін (сұхбат беру, брифингтер) жергілікті атқарушы орган журналистерді БАҚ үшін жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету, сондай-ақ бейбіт жиналыс өткізу кезінде өз өкілінің қатысуы жөнінде шаралар қабылдайды;
2) БАҚ үшін жедел баспасөз орталығына бірыңғай талаптар белгіленеді;
3) айырым белгілерінің нысандары белгіленеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы