Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы ашық талқыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқылауына шығарылды. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамды даму министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Өздеріңізге мәлім, мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Бүгін біздің министрлік "Ашық Үкімет" сайтында осы нормативтік-құқықтық акт тұжырымдамасының жобасын орналастырды. Келіп түскен ұсыныстар мен жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде бірқатар жаңа енгізілімдер ұсынылады, - деп жазды министр.

Енді 10 жұмыс күні ішінде әр азамат өз ескертпесі мен түсініктемесін қалдыра алады. Олар алдағы уақытта қарастырылады.

Журналистерді, үкіметтік емес сектордың өкілдерін, азаматтық белсенділерді осы жұмысқа қатысуларыңызды сұраймын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы