Бейбіт жиналыстарға қатысты өтініштерді қашан жолдауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 маусымнан бастап бейбіт жиналыстар туралы хабарламалар мен келісуді алу туралы өтініштерді жолдауға болады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің телеграм каналында хабарланды.

2020 жылғы 25 мамырда Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңға қол қойды.

Заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Заң 2020 жылғы 26 мамырда жарияланды, сәйкесінше 2020 жылғы 6 маусымда күшіне енеді.

2020 жылғы 6 маусымға дейін "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы өз күшінде қалады.

Осыған байланысты бейбіт жиналыстар туралы хабарламалар мен келісуді алу туралы өтініштерді жолдау "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңы күшіне енгеннен кейін мүмкін болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы