Бейбіт белбеуінен айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ: Қазақстандық кәсіпқой бокшы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 KO) бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular белбеуінен ресми айырылды. Мұндай ақпаратты Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) ресми сайтында хабарлады.
Белбеуді отандасымыз көп уақыт бойы шаршы алаңға шықпағаны үшін тартып алған.
Шүменов шаршы алаңға 2018 жылдың шілде айынан бері шыққан жоқ. Соңғы кездесуінде Ол Нұр-Сұлтан қаласында түрік боксшысы Хизни Алтункаямен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Сол кезде ұйым Шүменовке Арсен Гуламирянмен кездесуді міндеттеді. Бірақ боксшымыз денсаулығына байланысты кездесуден бас тартты.
Ал 2020 жылдың қыркүйегінде қазақстандық боксшы Рияд Мерхмен міндетті түрде кездесуі керек болатын. Бірақ Шүменовтің командасы Рафаэль Мерфи деген боксшымен 29-қаңтар күні кездесу өткізуді сұрады. Бірақ 22-қаңтар күні отандасымыздың командасы WBA ұйымына хат жазып, жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады.