Бейбіт Атамқұлов «АрселорМиттал Теміртау» жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығымен көшпелі кездесу өткізді.
Министрге ең алдымен конвертер цехына барды. Онда жақында №2 конвертерде үрлеу кезінде алғашқы газ тазалау пресс-скрубберінің қабырғаларына жабысып қалған шаң опырылып құлаған. Содан кейін пеште балқыту тоқтатылды.
Бебіт Атамқұлов жағда болған жерде кәсіпорынның техникалық мамандарының оқиғаның ықтимал себептері туралы мәліметін тыңдады.
Министр, сондай-ақ, кокс-химиялық өндірісте, домна пешінде, ыстықтай мырыштау және алюминийлеу цехында болды.
Кәсіпорын басшылығының назарын дереу арада жаңғырту мен инвестицияны қажет ететін кокс батареяларының жай-күйіне аударды.
Бұл цех технологиялық процестің шикізат құрамаларын, сондай-ақ болат өндірісінің барлық негізгі техникалық бөліністерінде қолданылатын кокс газын жеткізеді.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры кокс батареяларындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. 2021 жылы № 3 және 4 кокс батареяларын жөндеуді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Биджу Наир алдағы уақытта жылу-лектр орталығында бу-ауа станциясын, 2-ші жылу-электр орталығында, көмір департаментінің шахталарын жаңғырту және көмір метанын қайта өңдеу жобаларын іске асыру туралы айтып берді.
Кәсіпорын алдына жаңа экологиялық кодекс талаптарына сәйкес зауытты ауқымды жаңғырту және технологиялық жаңартуға бағытталатын инвестицияны арттыру міндеті қойылды.
Қазақстанда құрылыс көлемі айтарлықтай қарқынмен өсіп келе жатқандықтан, министр комбинат басшылығының назарын ең алдымен ішкі нарықты металл прокатымен қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды.
Анықтама үшін: 2020 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ 3,25 миллион тонна болат және 3,1 миллион тонна шойын балқытқан.
2020 жылы шығарылған өнім көлемі: ыстықтай тапталған прокат - 1,2 млн тонна, суықтай тапталған прокат - 646 мың тонна, мырышталған прокат - 489 мың тонна, сұрыптық прокат - 373 мың тонна, полимермен қапталған прокат - 117 мың тонна, құбырлар - 47 мың, бұрыштар мен профильдер - 3,7 мың тонна, ақ қаңылтыр-58 мың тонна.