Бэйби-бум: Қазақстанда 12 жаңа перзентхана салынады

Қазақстанда соңғы 5 жылда бала туу көрсеткіші жоғарылаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте өтіп жатқан баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Айтуынша, демографиялық көрсеткіштің жоғарылауымен қатар, перзентханаға деген қажеттілік те артқан.

Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда бала туу көрсеткіштерінің жоғарылауына байланысты перинаталдық орталықтарды салу мәселесі де қолға алынды. Бүгінгі таңда 12 перинаталдық орталықтың құжаттары әзірленуде. Астанада жаңа перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының перзентханаларының құрылысын бастаймыз, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда экстракорпоралді ұрықтандыру процедурасы шетелдіктер арасында танымал бола бастағаны туралы жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы