Маңғыстау облысында ер адамды үш ай бойы құлдықта ұстаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 59 жастағы тұрғыны еңбек құлдығында жүрген деп хабарлайды 24.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жергілікті шаруа қожалықтарының бірінде заңсыз ұсталған. Ер адамға үш айдан бері физикалық күш көрсетіліп, түрлі жұмысқа тартқан. Енді бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
«Стоп-трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бас бостандығынан заңсыз айыру дерегі анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 126-бабының 3-бөлігіне сәйкес Бейнеу аудандық полиция бөлімінде тіркелді, бүгінде соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бөлім бастығының міндетін атқарушы Айғаным Рахметова.