5 Қыркүйек 2025, 07:12
Фото: pixabay
Бетті жабатын киімге тыйым салу: полиция заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
2025 жылғы 12 шілдеден бастап қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жеке тұлғаны сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енді.
2025 жылғы 12 шілдеден бастап қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жеке тұлғаны сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жаңа нормаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Заңға сәйкес, бетті толықтай жауып, адамды визуалды тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынады. Олардың қатарына:
- балаклавалар;
- медициналық емес маскалар;
- никабтар және басқа да бетті бүркейтін киімдер жатады.
Алайда бұл талап келесі жағдайларда қолданылмайды:
- ауа райы қолайсыздығына байланысты;
- медициналық көрсетілімдер кезінде;
- қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау барысында;
- азаматтық қорғау қажеттілігінде;
- спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде.
Сонымен бірге, бетті жаппайтын діни киімдер (хиджаб, шейла, химар, әл-амира және ұқсас элементтер) аталған нормаға жатпайды.
Полиция аталған шара азаматтардың құқықтары мен діни сенім бостандығына шектеу қоймайтынын, тек қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
- Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды? 08:52
- Көлеңкелі экономикамен күрес: Үкімет 53 іс-шараны қамтитын жоспарды бекітті 08:31
- Алматыда қымбат техникалар сақталған қоймада өрт шықты 08:08
- Мерц пен Бернэм Украинаға қолдауды жалғастыруға келісті 07:48
- Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады? 07:30
- Трамп Канада импортына 50 пайыздық баж салығын енгізді 07:14
- Мемлекеттік академиялық би театрына Болат Аюхановтың есімі берілді 06:35