Бетті жабатын киімге тыйым салу: полиция заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
2025 жылғы 12 шілдеден бастап қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жеке тұлғаны сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жаңа нормаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Заңға сәйкес, бетті толықтай жауып, адамды визуалды тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынады. Олардың қатарына:
- балаклавалар;
- медициналық емес маскалар;
- никабтар және басқа да бетті бүркейтін киімдер жатады.
Алайда бұл талап келесі жағдайларда қолданылмайды:
- ауа райы қолайсыздығына байланысты;
- медициналық көрсетілімдер кезінде;
- қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау барысында;
- азаматтық қорғау қажеттілігінде;
- спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде.
Сонымен бірге, бетті жаппайтын діни киімдер (хиджаб, шейла, химар, әл-амира және ұқсас элементтер) аталған нормаға жатпайды.
Полиция аталған шара азаматтардың құқықтары мен діни сенім бостандығына шектеу қоймайтынын, тек қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы