Бетперде бағасын бақылай алмаймыз – маман
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін бетперде бағасын белгілі шектен асырмау жөнінде меморандум жасалған. Соңғы жағдайларға байланысты ол меморандум күшін жойды. Қазір бетперде бағасы ашық айналымға жіберілді.
Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау Департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг кезінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, фарм компаниялар мен дәріханалар желісі микробизнеске жатады. Сондықтан оларды бақылап отыра алмайды.
Қазір бетпердені жасау мен жеткізу шарты өзгеріп жатыр. Сондықтан дәріханаларға бетпердені жасаған меморандум аясында ұстаңдар деу қисынсыз. Дегенмен, дәріханаларға күнде хабарласып, "қанша бетперде бар" екенін біліп отырамыз. Қалада бетперде бар. Адамдардың жөн-жосықсыз қолдануынан бетпердеге деген тапшылық туындап отыр. Оны бет алды таға беруге болмайды. Егер ауырсаңыз немесе ауырған адаммен байланыста болсаңыз ғана тағыңыз. Көшеде жүргенде бетперде тағудың қажеті жоқ, керісінше таза ауамен тыныстау керек, - дейді ол.Сондай-ақ, ол Алматы халықаралық әуежайындағы бақылау жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатқанын және онда 24 арнайы маман жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Бұған дейін, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында бүгінгі қауіпті аймақтан келген 131 адам 14 күндік карантинге жатқызылғанын, олардың ҚХР, Иран және Оңтүстік Кореядан келген азаматтар екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өзбекстан мен Қырғызстаннан үлгі алыңдар – Дариға Назарбаева
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы