18 Шілде 2025 2025, 11:28
Фото: instagram.com/kris_p_almata
Бетпе-бет соқтығысқан: Алматыда жол апатынын жүргізуші қаза тапты
Алатау ауданында екі көлік соқтығысып, нәтижесінде бір жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алатау ауданында екі көлік соқтығысып, нәтижесінде бір жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 18 шілде күні сағат 6:30-да Саин көшесінде болған.
Dodge автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Аққайнар көшесінің қиылысында қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Kia көлігімен соқтығысқан, – деді қалалық полиция.
Жол апаты салдарынан Kia көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал Dodge көлігін жүргізген азамат қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, апат бетпе-бет соқтығысу салдарынан болған.
Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.