Бет күтімінде қауіпті процедуралар бар-косметолог маман
Косметолог маман қыз-келіншектер бет күтімін жасарда көптеген қателіктерге бой алдырады дейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінде косметолог қызметіне жүгінетін қыз-келіншектердің қатары артпаса, кемімеді. Тіпті арнайы процедураларды жасатып, ұнамсыз жерін түзетіп жүргендер де бар. Бірақ, косметолог маманы Назым Кенжеева, кей процедуралардың қазір әдемі көрінгенімен, кейінгі салдары нашар болатынын айтады.
Қазір көптеген қыздар беттегі майды сору арқылы теріні беткейлі түрде тазартады. Мұны косметологияда вакуумды тазалау деп те атайды. Бірақ, ол тазалаудың да тигізер зияндары бар. Егер жылдамдығы қатты болсағ бет терісі көгеруі мүмкін. Бұл тазалау әдісін безеуі бар, бет терісінің қабынуымен келген пациентке пайдалануға болмайды,-дейді ол.
Сондай-ақ нәзік жандылар бет терісіне тоналды эффект беру процедурасына да көп жүгінетін көрінеді.
«Иә, косметологияда бұл процесс «BB Glow» деп аталады. Сұранысқа ие қызметтердің бірі. Бірақ, қыздар осы процедурадан кейін бетте дақ пайда болатынын ұмытпау керек»,-дейді Назым.
Сондай-ақ қыз-келіншектер әжімдерді кетіру үшін гиалурон қышқылмен байытылған препараттармен толтыру процедурасын пайдаланып жүр. Маманның айтуынша бұл әдемілікті сыйлағанымен, түрлі аурулардың бастау алуына әкеледі.
Кез-келген дұрыс жасалмаған процедура қауіпті. Абайламасаңыз, кей процедуралар гематомаға, көздің көру қабілетінің нашарлауына, соқырлық сияқты ауруға әкеледі. Сол үшін мұндай процедураларды жасатар алдында сауатты, сертификатталған дәрігерді таңдаған дұрыс,-дейді маман.
Маманның айтуынша, мұндай процедулардың бағасы да қымбат. Бірақ, соған қарамастан келіп бет-әлпетін өзгертуді қалайтындар көп. Тіпті әңгіме барысында осындай қызметтерді жасату арқылы өздеріне деген сенімділіктерін оятатынын айтады дейді.
Әрине,бет терісіне жасалатын мұндай процедуралар арзан тұрмайды. Қыз-келіншектер айына бір рет тазарту қызметіне келіп тұрады. Ал қосымша қызметтер құны әртүрлі. Пациенттермен әңгімелесу барысында осындай қызметтерді пайдалану, өзгерту өздеріне сенімділік беретінін көп естимін.Бірақ табиғи сұлулыққа ештенке жетпейді. Тек үй жағдайында үнемі күтім жүргізіп отыру керек,-дейді Назым Сұлтанбекқызы.