Бет-әлпеті мінсіз әйелдің есімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар бет-әлпеті мінсіз әйелді атады. Ол Палестинадан шыққан америкалық супермодель Белла Хадид, деп жазды The Sun басылымы.

Лондондағы косметикалық және пластикалық хирургия орталығының басшысы доктор Джулиан Де Сильва "алтын қима" (правила золотого сечения) ережесін пайдалана отырып, атақты жұлдыздардың арасындағы бет-бейнесі ең мінсіз саналатын аруларды іріктеп шығарды.

Оның айтуынша, 23 жастағы супермодель Белла Хадидтің бет-бейнесі 94,35%-ға мінсіз бет-әлпетке жақын. 


Белла Хадид

Рейтингтегі екінші орынды Бейонсе есімді әнші 92,44% көрсеткішпен еншілесе, актриса Эмбер Херд 91,85%-бен үшінші орынға табан тіреді. Олардан кейін рейтингтегі тізімді әнші әрі актриса Ариана Гранде (91,81), содан кейін кантри стилінде поп әндер айтатын әнші Тейлор Свифт (91,64) және супермодель Кейт Мосс (91,05) жалғастырды. 


Бейонсе


Тейлор Свифт

Аталмыш тізімге актриса Скарлетт Йоханссон (90,91) және Натали Портман (90,51) да кірді. Ал рейтингтің соңғы орындарында әнші Кэти Перри (90,08) мен топ-модель Кара Делевинь (89,99) тұрақтады.


Скарлет Йохансон


Натали Портман


Кэти Перри


Кара Делевинь

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы