Бестөбеде шахтаға заңсыз кірген адамның мәйіті табылды

«Қазақалтын» кәсіпорнына қарасты Бестөбе кентіндегі «Новая» шахтасына заңсыз кірген ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған. Қаза тапқан азамат – Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны, жұмыссыз ретінде тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам күзетілетін нысан аумағына рұқсатсыз кірген.

Бестөбе кентіндегі “Новая” шахтасының 610-шы горизонты деңгейінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК 269-1-бабының 3-бөлігі (күзетілетін нысанға заңсыз кіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©BAQ.KZ архиві
Өзгелердің жаңалығы