Бестөбе кентіндегі шахтадан екі адамның мүрдесі табылды

Бестөбе кентінің жұмыс істемейтін шахтасындағы үйінділердің астынан екі заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған.

Степногорск қаласының полициясына «Центральная» шахтасы кенішінің диспетчерінен 520 көкжиекте кен үйінділерінің астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Материалдарды алғашқы жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталды, олардың бірі – 1986 жылы туған Бестөбе кентінің тұрғыны, бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екіншісі Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны, – делінген хабарламада.

Ер адамдардың денесі кен үйінділерінің астынан табылып, кейін басқа іздеушілердің көмегімен жер бетіне шығарылған.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді (қорғалатын объектіге заңсыз кіру).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы