30 Желтоқсан 2025, 23:51
Фото: istockphoto.com
Бестерек ауылындағы жол апаты: кінәлі жүргізуші 9 жылға сотталды
Семейде Абай облысындағы Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты резонанстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот 55 жастағы жүргізушіні балалардың өліміне кінәлі деп танып, оны 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Семейде Абай облысындағы Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты резонанстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот 55 жастағы жүргізушіні балалардың өліміне кінәлі деп танып, оны 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Жаза ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтеледі, сондай-ақ ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының кінәсін мойындауын және жас баласының барын ескерді. Ал қылмыстың балаларға қатысты жасалуы ауырлататын фактор деп танылды.
Сонымен қатар, сот шешімімен қаза тапқандардың отбасыларына моральдық және материалдық шығын үшін 50 миллион теңгеден астам өтемақы төлеу міндеттелді.
- Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісті: Иран жаңа шектеу енгізді 07:14
- Қазақстанда АҚШ университетімен бірлескен бағдарламаның алғашқы түлектері оқуын аяқтады 06:35
- Семейде бір түнде 96 құқық бұзушылық анықталды 05:18
- Францияда орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталды 04:27
- Маңғыстауда кейбір ағаш түрлері экожүйеге қауіп төндіріп отыр 03:40
- Аптап ыстық және өрт қаупі: Синоптиктер ескерту жасады 02:34
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29