Бесқарағай ауданында орман жамылғысы өртенді
1 шілде күні сағат 09:48-де Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» МОТР аумағында өрт болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына Долон филиалы Байдәулет орманшылығының қызметкерлері дереу барды.
Оқиға орнына келгеннен кейін орманшылар орман жамылғысы аймағында бұрын болған өрттің орны өртенгенін анықтады.
Өрт қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді. Жалпы жану аумағы 1,2 гектар. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан барлығы 24 адам және 9 техника жұмылдырылды.
Байдәулет орманшылығының ақпараты бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тартуы қажет болмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астананың 25 жылдығы құрметіне 100 теңгелік монета шығарылды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы