Бес жылда жол сапасына 60 мыңға жуық тексеріс жасалды – Болатбек Айтбаев

Қазақстанда авто жолдар сапасы мәселесі ешуақытта күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет жыл сайын бөлетін қаржыны арттырып, жаңадан салынатын және жөндеуден өткізілетін жолдар көлемін көбейтіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің тапсырмасымен биылдың өзінде 12 жарым мың шақырымнан астам жол жөнделеді. Осы жұмыстардың сапасына жауап беретін ұйымның бірі Көлік министрлігіне қарасты Жол активтері сапасының ұлттық орталығы.

2019-2024 жылдар аралығында ЖАСҰО 59 000 мыңнан астам инспекциялық шығу жүргізді. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда шамамен 141 700-ге жуық жол-құрылыс материалдары сынамасы алынды. Осы жылдың басынан бастап сапа орталығы 1,5 мыңнан астам инспекциялық шығу жүргізіп, жол-құрылыс материалдарының 2 мың сынамасын іріктеп алып сынады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 11,4 мың инспекциялық шығу жүзеге асырылды, 40,3 мың жол-құрылыс материалдары сынамасы іріктеліп, сыналды. ЖАСҰО ұсынған тұжырымдамалары нәтижесінде мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 4,1 млрд.теңгенің жұмысын қайта жасады,- дейді ҚР КМ "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК бас директоры Болатбек Айтбаев.

ҚР КМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» 2019 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 16 облыстық жол зертханасын біріктіру жолымен құрылды. Кәсіпорын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқарумен айналысады.

Кәсіпорынның еліміздің әр аймағы мен Республикалық маңызы бар қалаларда 20 филиалы, сондай-ақ ISO 17025 стандарты мен ILAC зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның талаптарына сәйкес аккредиттелген 16 сынақ зертханасы бар.

Бүгінде нарықта жұмыс істеп жатқанына 5 жыл болған орталықтың басшысы Болатбек Айтбаевтың айтуынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында зертханалық сынақтар жүргізу кезінде процестерді цифрландыруға көшу жұмыстары жүргізілуде. 

Мекеме 2023 жылы ЖАСҰО "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі "ISO 37001:2016 халықаралық стандарты бойынша қайта сертификаттаудан өткен. 70 қызметкер "ISO 37001:2016 бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу" сертификаттарын алған. Жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатындағы жобаның бірі - "KazRoadLab", ол жұмыс жүргізілетін жерде деректерді жинауды жүзеге асыруға және нақты уақыт режимінде орындалған жұмыстар актілерін толтыруға, сынақ нәтижелері туралы деректерді енгізуге, актілерге суреттерді түсіруге және тіркеуге, сараптама нәтижелерін орталық порталға мобильді құрылғылардан жіберуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе, - дейді Болатбек Айтбаев.

Жол-құрылыс материалдарының сынамаларын QR сканерлеу таңдалған сынамаларды тиімді бақылауға және белгілеуге мүмкіндік береді. 

Ведомстволық сараптама порталы жұмыс процесін жеңілдетеді және жол жобаларындағы техникалық кемшіліктер мен тәуекелдерді жедел және сенімді анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінде жол саласындағы өзікті мәселелердің бірі маман тапшылығы- дейді Болатбек Қобыланбекұлы. 

Сапа орталығы жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс істейді, студенттерді ақылы өндірістік іс-тәжірибеден өткізеді. Осы бес жыл ішінде компания филиалдары мен орталық аппаратында 162 студент тәжірибеден өтіп, 21 жас маман жұмысқа қабылданды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ЖАСҰ
Өзгелердің жаңалығы