Бес мың оқушы «Балдәуренде» тегін демалу мүмкіндігіне ие болды

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс маусымы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бурабайдағы бас орталық пен Балқаш, Қонаев, Түркістан қалаларындағы филиалдар бұл ауысымда мемлекеттік квота бойынша мыңға жуық оқушыны тегін қабылдайды. 

Ауысым - «Baldauren ART – START» деп аталады. 

Балалар сауықтыру шараларынан өзге шығармашылықпен айналысады. 

Өздерінің қалауы бойынша сурет салып, суретке түсіру, бейнемонтаж жасауды меңгереді. Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. 

Сонымен қатар спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған.Тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. 

Айта кетейік, орталық пен филиалдар жаз бойы балаларды 5 ауысым бойынша қабылдайды. Әр ауысым тақырыбы да әр алуан. Балалар өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен 5000 бала тегін қамтылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы