9 Тамыз 2023 2023, 18:20 Фото: - Архив

Бес электр пойызының келу және жөнелту стансасы уақытша ауыстырылады

Астанада бес қала маңына қатынайтын электр пойызының келу және жөнелту стансасы уақытша ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада бес қала маңына қатынайтын электр пойызының келу және жөнелту стансасы уақытша ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Нұр-Сұлтан-1 станциясында перронды сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізуге байланысты 2023 жылғы 14 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында бес қала маңы теміржол электр пойызы уақытша Нұрлы жол стансасынан жөнелтіледі, - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

- «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атбасар» қатынасындағы №6803 электр пойызы жөнелту уақыты сағат 07:30-да;

- «Нұр-Сұлтан – Көкшетау» қатынасындағы №6829 электр пойызы жөнелту уақыты сағат 08:08-де;

– «Ерейментау – Нұр-Сұлтан» қатынасындағы №6831 электр пойызы келу уақыты сағат 07:18-де;

- «Қарағанды – Бурабай курорты» қатынасындағы №7553 электр пойызы келу уақыты сағат 08:56 және кету уақыты 09:20-да;

– «Бурабай – Қарағанды курорты» қатынасындағы №7556 электр пойызы сағат 19:20-да келіп, сағат 20:00-де жөнелтіледі.

Сондай-ақ, «Ерейментау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» қатынасындағы №6831 электр пойызының Қырқыншы стансасындағы тұраққа тұруы уақытша тоқтатылды.

Қалған теміржол жолаушылар пойыздары әдеттегідей жүреді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телегармм боты арқылы алуға болады.