+10

Бес баланың әкесі өрттен аман қалды

Бес баланың әкесі өрттен аман қалды

Шымкентте қалың түтінге толы бөлме ішінде киімі жанып, ес-түссіз жатқан адам аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Патрульдік экипаждың арнайы жарық сигналды қондырғыны қардан тазарту үшін жақын маңдағы көлік жуу орталығына барған кезде орын алған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қалың түтінге толы бөлме ішінде киімі жанып, ес-түссіз жатқан адамды көріп, инспекторлар Жұмахан Шымырбаев пен Жандос Сүлейменов бірден көмектескен.

Полицейлер азаматты сыртқа шығарып, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Көп ұзамай бес баланың әкесі дәрігерлердің қолына тапсырылды. Тәртіп сақшыларының жылдам әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды, – делінген полиция хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: жасанды интелект
Өзгелердің жаңалығы