Бес асықтан Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді

Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қуанышты хабарды ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі жеткізді.

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты.

Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді. 

Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: t.me/qazsporttv
Өзгелердің жаңалығы