Бес адамды ажал құштырған алматылықтың үйінен суық қару табылды

Алматының Ақбұлақ ауданында бірнеше адамды ажал құштырған адамның үйін босату кезінде қару табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы полициясы "102" пультіне жеке сот орындаушысынан шақырту келіп түскен. Белгілі болғандай, Ақбұлақ шағын ауданы Сыздықов көшесіндегі үйлердің бірінен үйді босату кезінде атыс қаруы табылған.

Zakon.kz деректеріне сүйенсек, қазір оқиға орнында Алатау ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істейді.

Бұған дейін аты шулы Ақбұлақ мергенінің әйелі Анаида Демирчянның үйін полиция қоршап алғаны белгілі болды.

27 шілдеде Алматы қалалық сотында Анаида Демирчян 2017 жылғы сәуірде ТЖК мен банк арасында жасалған "Тыйым салынған мүлікті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану" туралы талап-арызбен сотқа жүгінгені хабарланды.

Кепіл мүлкін сату бойынша сауда-саттық 2017 жылғы 18 сәуірде, яғни өзгерістер енгізілгенге дейін үш жылдан астам уақыт өтті. Тиісінше сот бірінші сатыдағы сауда-саттық кезінде банктің қатысуына заңмен тыйым салынбағанын ескерді.

Еске салсақ, Алматының Ақбұлақ шағын ауданында 2021 жылғы 20 қыркүйекте жантүршігерлік қылмыс болды. 54 жастағы Игорь Дужнов үйге келген сот орындаушылармен қоса полицейлерге оқ жаудырған. Салдарынан бес адам қаза тапты. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полиция қызметкері және екі адам бар. Азаматтардың бірі – үйдің жаңа иесі, екіншісі – оның танысы екені белгілі.
Аталған жайтқа байланысты "Кісі өлтіру" және "билік өкіліне шабуыл жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сот Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Саяжан Құдайберген

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы