«Беруны» және «несуны». Ақан Сатаев тағы бір ролик түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысында жемқорлар туралы ролик көрсетілді.

Танымал режиссер әрі продюсер, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев алқа отырысы кезінде «Беруны» және «несуны» сериясы бойынша түсірілген жарнамалық роликтің тұсауын кесті.

Ол өнер саласы өкілдерінің атынан өзекті мәселеге тоқталғысы келетінін айтты.

Бәріміз жемқорлықтың жаһандық зұлымдық екенін білеміз. Онымен күресу үшін құралдардың түр-түрін қолдану керек. Осы ретте Агенттіктің аталған тақырыпқа түрлі жарнамалық роликтер жасайтын компаниялары бар. Кино аудиторияға, қоғамға әсер етеді. Себебі, бұл - ең тиімді құралдардың бірі. Бұл ретте біз де назардан тыс қалып жатқан жоқпыз. Осы бағытта «Қазақфильм» киностудиясы, шығармашыл топ ретінде бар күш-жігерімізді салғымыз келеді, - деді Сатаев.

Продюсер бір күн бұрын осы тақырып аясында ролик түсіргендерін айтты.

Бір күн Алматы департаментімен бірлесіп бірнеше ролик түсірдік. Оны түнде өңдедік. «Беруны» және «несуны» вирустық ролик сериясы бойынша жасалды, - деді Ақан Сатаев.

Айта кетейік, бұған дейін 50 мың теңгеге түсірілген жемқорлар туралы ролигі продюсердің әлеуметтік желісінде жарияланған болатын.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы