Берлиннің орталығында Қазақстанның мәдениетіне арналған көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында және Астана күніне орай Германияның елордасы Берлин қаласының «Mall of Berlin» ең танымал сауда орталығында «Табиғат, мәдениет, адамдар. Ғажайып Қазақстан» атты фотокөрме ашылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ашылу рәсімінде Қазақстанның елшісі Дәурен Кәріпов мемлекетіміздің тарихы мен халқымыздың мәдениеті, сондай-ақ салт-дәстүрлері туралы айтып өтті.Іс-шараға қатысушылар ата-бабаларымыздың шығарған табиғи өнертабысы – киіз үймен танысып, Қазақстанның заманауи архитектурасын, табиғатын, ұлттық тағамдары мен адамдарын көрсететін фотокөрмені тамашалай алды.
Ашылу рәсімі қазақ ұлттық музыкасымен аяқталды. Арнайы осы көрмеге келген Қазақ ұлттық өнер университетінің оқушылары «Mall of Berlin» орталығының қонақтары үшін қазақ халық әндері мен күйлерін орындады.
Елшілік пен Қазақстаннан Германияға қоныс аударған немістердің «Qazan e.V.» атты қауымдастығы ұйымдастырған көрме ү.ж. 5-17 шілде аралығында өтеді. Осы кезеңде көрмеде сонымен қатар Қазақстанның отандық өндерушілері өздерінің экологиялық өнімдерін ұсынатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы