Берлиндегі диверсия: ақпарат бергендерге 1 млн еуро сыйақы жарияланды

Германия билігі Берлин қаласының энергетикалық инфрақұрылым нысанында жасалған диверсияны тергеуге көмектесетін мәлімет үшін 1 миллион еуро көлемінде сыйақы тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Berliner Zeitung басылымына сілтеме жасап.

Берлиннің ішкі істер жөніндегі сенаторы Ирис Шпрангер бұл оқиғаны қала тарихындағы бұрын-соңды болмаған жағдай деп атады.

Диверсия 3 қаңтарда болған. Аспалы кабель көпіріне қасақана өрт қою салдарынан 50 мыңға жуық үй шаруашылығы мен 2 мыңдай кәсіпорын электр энергиясынсыз қалған.

Оқиға үшін жауапкершілікті "Вулкан" атты солшыл радикалды анархистік топ өз мойнына алды. Бұл ұйым Берлин мен Бранденбург аумағында түрлі атаумен шамамен 14 жылдан бері әрекет етіп келеді.

Диверсиядан кейін Берлинде төтенше жағдай режимі енгізіліп, іс Германияның Бас прокуратурасының (Карлсруэ) қарауына берілді. Электр энергиясын толық қалпына келтіру жұмыстары бес күнге жуық уақыт алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы