29 Қыркүйек 2026, 18:10
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Берлинде Тоқаевты қалай қарсы алды? Салтанатты рәсім өтті
Қазақстан Президентінің Германияға ресми сапары басталды. Берлинде Тоқаевты салтанатты рәсіммен қарсы алып, кейін келіссөзге жол тартты.
Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізу үшін Германия Федералдық Президентінің резиденциясына барды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев резиденциядағы Құрметті қонақтар кітабында естелік жазба қалдырды.