Берлинде рождество жәрмеңкесінде терактінің алдын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құқыққорғаушылар Берлиннің орталығындағы базардан күдікті зат тапты. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, табылған зат қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсайды.

Германияда Берлиннің орталығындағы Брайтшайдплац алаңында рождество жәрмеңкесі кезінде терактінің алды алынды. Бұл туралы Bild  полициядағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. 

Басылымның жазуына қарағанда, құқыққорғаушылар базардан күдікті екі ер адамды байқаған. Құжаттарын тексерген кезде олардың сириялықтар екені белгілі болды. Біреуінде  "Ислам мемлекеті" террористік тобымен (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) байланыс жасағанын дәлелдейтін айғақтар табылды.

Полиция қызметкерлері күдікті зат тапты. Оны тұтқындалған ер адамдар қоюы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы