Берлинде Labubu дүкенінің ашылуына жүздеген адам жиналды
Берлинде қытайлық Pop Mart компаниясының Лабубу жұмсақ ойыншықтары сатылатын дүкені ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ dw.com-ға сілтеме жасап.
Германия астанасындағы салтанатты ашылу шарасына жүздеген адам жиналып, көпшілік Лабубу ойыншықтарын сатып алу үшін ұзын сонар кезекке тұрды.
Ойыншықтарға деген қызығушылықтың басты себебі — олардың ерекшелігі. Қораптар ішінде қандай Лабубу ойыншығы барын сатып алушы алдын ала білмейді. Қазіргі уақытта Лабубу ойыншықтарының 300-ден астам түрі бар, олар әрқашан кеңінен күлімсіреген ерекше бейнелерімен ерекшеленеді.
TikTok әлеуметтік желісінде #Labubu хэштегімен 2,4 миллионнан астам пост жарияланды және бұл сан күн сайын артып келеді.
Лабубу кейіпкерін гонконгтық иллюстратор Касинг Лун 2015 жылы ойлап тапты. Ол алғаш рет скандинав мифологиясына негізделген үш иллюстрациялы кітаптарда көрініс тапқан. 2019 жылы Касинг Лун Pop Mart компаниясымен келісімшарт жасап, ойыншықтар өндірісін бастады.
2024 жылы Pop Mart компаниясының табысы 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артты. Жалпы табыс 1,55 миллиард еуроға жетіп, Лабубу ойыншықтарының сатылымы 1200%-ға өсіп, компанияның жалпы табысынан 22%-ын құрады.