Берлинде футбол жанкүйерлері мінген пойыз өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Берлинде ұзақ қашықтыққа жүретін пойыз өртке оранып үш адам зардап шекті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Оқыс оқиға Берлиннің орталығындағы «Бельвю» станциясында болған. Өрттің шығу себебі әлі анықталмаған.«Пойыздың вагоны қатты зақымданған. Үш адам жарақат алды», - дейді құтқарушылар.
Berliner Morgenpost газетінің жазуынша, "Фрайбург" футбол клубының жанкүйерлері мінген вагон өртенген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада республикалық ақындар айтысы өтті
Өзгелердің жаңалығы