30 Қазан 2026, 04:50 Фото: AP

Берлинде 100-ге жуық студент университет ғимаратына кіруді шектеді

Наразылық акциясына қатысушылар өз талаптарының тізімін ұсынды.

Берлинде студенттер Алиса Саломон атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің ғимаратына кіретін негізгі есікті бөгеп тастады. Бұл туралы Германия астанасы полициясының баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бірнеше адам жиһаздар мен басқа да заттарды пайдаланып, жоғары оқу орнының негізгі кіреберісін жауып тастады. Қазіргі уақытта бұл акция рұқсат етілген стихиялық жиын ретінде қарастырылып отыр, – делінген хабарламада.

Университет өкілдерінің мәліметінше, ғимаратқа кіру бүйірдегі есік арқылы жүзеге асырылады. Наразылық акциясына жалпы саны 100-ге жуық студент қатысқан. Олардың әрекеті бейбіт сипатта болған.

Университет өкілінің айтуынша, акцияға қатысушылар өз талаптарының тізімін ұсынған. Алайда ол талаптардың мазмұнын нақтыламады. Сонымен қатар акция Франциядағы наразылықтарға қолдау білдіру мақсатында өткізіліп жатқаны айтылды.