Бүгiн 2026, 07:11
Фото: pixabay
Берлин-Бранденбург әуежайында дағдарыс: жүздеген рейс тоқтатылды
Ереуіл жүздеген рейсті тоқтатты.
Берлин қаласында әуе қатынасына қатысты ауқымды іркіліс болды: әуежайдағы ереуіл салдарынан жүздеген рейс тоқтатылып, ондаған мың жолаушы сапар кезінде елеулі қиындықтарға тап болды. Ереуілге байланысты рейстердің тоқтатылуы 55 мыңнан астам жолаушыға әсер еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Verdi кәсіподағының ереуіліне байланысты Берлин-Бранденбург әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты, шамамен 445 рейс тоқтатылғанын ZDF телеарнасы хабарлады.
Берлин-Бранденбург әуежайының операторы бұған дейін барлық ұшып шығу және ұшып келу рейстері күні бойы тоқтатылатынын мәлімдеген, – деп хабарлайды арна.
Компания мәліметінше, ереуіл шамамен 445 рейске әсер етіп, кемінде 57 мың жолаушы зардап шеккен. Жолаушыларға балама бағыттар мен билеттерді қайта брондау бойынша ақпарат алу үшін әуе компанияларына жүгіну ұсынылды.
ZDF дерегінше, ереуіл Астана уақыты бойынша түнгі 00:00-ге дейін жалғасады.
Ереуілдің себебі – Verdi кәсіподағының жалақыны көтеру және әуежай қызметкерлеріне қосымша демалыс күнін енгізу туралы талаптары.