17 Наурыз 2026, 01:30
Фото: freepik
Берлин әуежайы ереуілге байланысты барлық рейстерді тоқтатады
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл күні 445 рейс орындалмайды, ал шектеу шамамен 57 мың жолаушыға әсер етеді.
Берлин-Бранденбург әуежайында қызметкерлердің ереуіліне байланысты 18 наурызда барлық рейстер тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл күні 445 рейс орындалмайды, ал шектеу шамамен 57 мың жолаушыға әсер етеді. Жолаушыларға билеттерді қайта рәсімдеу немесе сапардың балама нұсқаларын қарастыру үшін авиакомпанияларына жүгіну ұсынылды.
Ереуілді Verdi кәсіподағы ұйымдастырған. Кәсіподақ әуежайдың шамамен 2000 қызметкерін бір күндік ескерту ереуіліне шақырды.
Кәсіподақ өкілдері қызметкерлердің жалақысын 6%-ға және айына кемінде 250 еуроға арттыруды талап етуде. Ал әуежай басшылығы жалақыны 2028 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен көтеруді ұсынған. Бұл ұсыныс жылына шамамен 1% өсімді ғана қамтамасыз етеді.
Verdi келіссөз жүргізушісі Холгер Ресслер мұндай ұсынысты «маңызды емес, келіссөз үстеліндегі арандатушылық» деп бағалады.
- Түнгі клубта өлімші етіп сабап, қашып кеткен: Астанада атышулы іс аяқталды 03:19
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026